АбайАймақ

Абай ауданында Энергетиктер күні атап өтілді

Бүгін Абай ауданы Топар кентінің Мәдениет үйінде Энергетиктер күні салтанатты түрде атап өтілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Салтанатты сәтте Абай қаласы мен Топар кентін құрылған күннен бері жылу және жарықпен үзбей қамтамасыз етіп отырған осындағы ГРЭС еңбеккерлерін Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов пен ГРЭС директоры Темірлан Өтегенов құттықтап, бірнеше еңбек озаттарына марапаттар тапсырды.

Марапатталғандар арасында ГРЭС қазандығының машинисі Рүстем Түсіпов облыс әкімінің Алғыс хатын, осы кәсіпорын заң бөлімінің меңгерушісі Аман Балтабаев, слесарі Қалдан Жабасов, Олег Ларионов және басқалар Абай ауданы әкімінің Алғыс хатын алды.

Жергілікті өнерпаздар мерекеде өнер көрсетіп, зал толы халыққа қуаныш пен шаттық сыйлады.

Ержан Имаш,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button