АбайАймақ

Абай ауданында 100-ден астам адам сенбілікке шықты

Абай ауданының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында бұлақ көзін ашу және айналасын қоқыстан тазарту үшін сенбілік шықты.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Сенбілікке 100-ден астам адам қатысты.

– Бұл бұлақтан тек аудан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар тасжолмен жүріп өтетіндер де таза және өте дәмді су алады. Сондықтан біз әр көктем сайын оны тазалауды өз міндетіміз деп санаймыз, өйткені бұл біздің аудан, біздің жауапкершілігіміз. Ал жастар экологиялық мәдениетке қосылылғаны қуантады, – деді еріктілер корпусының басшысы, «Жастар Альянсы» ҚБ төрағасы Темірлан Кәкенов.


Сондай-ақ, бұл күні Абай ауданының тұрғындары Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауын жинады.

– Өткен жылы коммуналдық жағажайдың аумағы абаттандырылды, ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер бар, бірақ, өкінішке орай, адамдар қоқыс қалдыруды жалғастыруда, – дейді акцияға қатысушылар. – Жақында шомылу маусымы басталады, сондықтан біз тұрғындарды қоқыстарды тазалауға шақырғымыз келеді. Егер әркім өзінен бастаса, біздің табиғатымыз таза болары анық.


Бұл күні жағажай аумағынан 10 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы ауданда 4 718,5 тонна қоқыс шығарылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button