АбайАймақ

Абай қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Абай қаласында 5 мың ағаш отырғызылды.

Қалада биыл көктемде 50 қарағай мен 550 терек отырғызылған болатын. Сондай-ақ гүлзарларды жаңарту жұмыстары басталды.

Тиісінше қала басшылығымен ағаштарға күтім жасау мен суару жұмыстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Абай қаласындағы тротуарларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 3 шағын аудан, Шаңырақ (Степная), әл-Фараби, С.Сейфуллин көшелерінде жұмыстар толығымен аяқталды. Жеңіс даңғылында жұмыстар жалғасуда және Қызыл кентіндегі аллеяға тротуар орнату жоспарланған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Видео: ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button