“Abadan” клубы қарағандылықтарға 8 тонна картоп таратты
Қарағандылық “Abadan” спорт клубы республикалық Biz Birgemiz акциясына қосылды. Спортшылар қарағандылық 600 отбасын картоп өнімімен қамтамасыз етті.
– Баршамыздың басымызға күн туған уақыт. Бұл вирусқа қарсы күресте біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек. “BigTayGroup” компаниясының, «Нұр Отан» партиясының және Қарағанды облысының жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен біздің күрес клубымыз адамдарға азық-түлікпен көмек көрсетуге шешім қабылдады. Біз 8 тонна картоп сатып алдық және үлестірдік, – дейді “Abadan” клубының президенті Нұрлан Қалтаев.
Спортшылар көмекті ең мұқтаж отбасыларға үлестіру үшін «Нұр Отан» партиясына жүгінген. Оларға азық-түлік алу үшін үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға, кіреберістері карантинге жабылған тұрғындарға көмек көрсету ұсынылды. Қалған картоп аз қамтылған адамдарға таратылды.
– Егер біз бір-бірімізге қолдау көрсетсек, көршілерімізге күлімсіреп сәлемдессек, мүмкіндігінше материалдық жағынан, азық-түлікпен көмектессек, бізге ешқандай қайғы-қасірет қорқыныш болмас еді, вирус бізді жеңе алмайды, – деп есептейді Нұрлан Қалтаев.