Кездесу

Ақынмен әсерлі кездесу

Қарағанды техникалық университетінің студенттері аталмыш оқу орнының қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен айтыскер ақын Аманжол ӘЛТАЕВПЕН кездесті. Іс-шараға университет оқытушыларымен қатар магистранттары да қатысты.

Шараға Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай және филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы қатысып, ақын шығармашылығы жайында ордалы ойларымен бөлісті. Ж.Елебеков атындағы республикалық ән байқауының Бас жүлдегері Дәуренбек Әркенов ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады. Шара барысында ақын КарТУ мұражайына саяхат жасап, оқу орынының өткеніне көз жүгіртті.

Кездесуде ақынның шығармашылық өмір жолынан деректі фильм көрсетілді. Студенттер ақынға сұрақ қойып, тұщымды жауап алды. Ақын айтыс өнері, өзінің шығармашылығы жайлы кеңінен әңгімеледі. Домбырамен ән шырқап, жалынды жырларын оқыды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button