АймақАқтоғайЖаңалықтар

Ақтоғай ауданында соңғы тәулікте екі өрт тіркелді

Өңірде соңғы тәулікте Ақтоғай ауданында құрғақ шөптің жануының екі оқиғасы сөндірілді. Шабанбай би ауылдық округіндегі 10 гектар өрт аумағы ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен сөндірілді. Айыртас ауылдық округінде Айыртас ауылының өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен 42 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Бұл жерде де құрғақ шөп тұтанған.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:

– орман және дала алқаптарында от жағуға және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол бермеңіздер;
– жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын, соның ішінде автомобиль жолдарының бойына тастамаңыздар;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға отпен ойнауға рұқсат бермеңіздер.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button