Тұлға

Ақтаңдақтар: аза мен жаза

    М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Ақтаңдақтар» атты арт-хроника кеші өтті.

Әуелі өлкетану бөлімінің кітапханашысы Г.Қосжан 1 минут үнсіздік жариялап, шараға қатысушылар құрбандарды еске алды. Тарихтағы «Ақтаңдақтар» тақырыбындағы слайд-презентация, бейнематериалдар көрсетілді. Бұл жазалауға Кеңес одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері ұшырағаны тілге тиек етілді. Қорытындысында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Сондай-ақ, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты Қарағанды қаласындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №31 кітапхана бөлімшесінде «Мәңгілік бейбітшілік» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Мұнда Алаш зиялылары туралы айтылып, «Алаш қозғалысы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ тарихында зұлматты кезең аталған репрессия салдарынан 25 мыңға жуық қазақстандық ажал құшып, 125 мыңнан астам жерлестеріміз саяси айыпталып, 1 миллион халық жер аударылып кетті. Көрмеге қуғын-сүргін құрбандары туралы Қ.Исабайдың «Азалы кітап» (атылғандар тізімі), Б.Қойшыбаевтың «Патшадан шен-шекпен алған қазақтар», «Алаш жолы», «Карлагтың қара қарындашымен» және де сталиндік репрессия құрбандары жөнінде көптеген құнды еңбектер қойылды. Шара «Алаш» туралы деректі фильммен жалғасты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button