Пікірлер

Ақ халаттыларға назар аударды

Әлемді жайлаған індет кезінде ақ халатты абзал жандардың тәуекелге бел буып, еңбек еткендеріне ел куә. Мемлекет тарапынан ай сайынғы берілетін қаражат көлемін арттырды. Бұл – бастарын қауіпке тіккен жандар үшін жағымды жаңалық еді.

Ал, бүгінгі өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн отырысында ел Президенті дәрігерлерлің айлығын арттыруды, сондай-ақ, отандық фармацевтиканы дамытуға баса көңіл бөлді.

«Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық»,деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Иә, қажырлы еңбек – елдің қауіпсіздігі үшін жасалған қадам. Ақ халаттылардың қоғам алдында қашанда бәсі биік.

Бағлан КӘУКЕРБЕКОВА,

Қарағанды медицина университетінің оқытушысы.

Басқа материалдар

Back to top button