ЖаңалықтарШет

Ақбота жеңіске жетті

Шет аудандық С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің оқушылары республикалық, облыстық өнер додаларында биіктерден көрініп келеді.

Сөзіміздің айқын дәлелі – жақында Алматы қаласында өткен «Менің Қазақстаным» атты республикалық байқауда жас өнерпаздар өңір абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Байқау қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған ұлы композитор, ән әлемінің падишасы – Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттап, жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.

Еліміздің түпкір-түпкірінен талантты жастар бас қосқан ән-жыр додасына қатысқан өнер мектебінің оқушылары жүлдемен оралды. Алматы аспанын Шәмшінің әсем әніне бөлеген Ақбота Сиязова «Эстрадалық вокал» жанры бойынша ІІ орын жүлдегері атанды. Өскелең ұрпақты өнерге баулып, талантты жастың талабын ұштап, шәкірттерінің шығармашылығын шыңдап жүрген вокал мұғалімі Ернұр Тілеуберлин мен Ақботаның ән додасына барып-қайтуына қолдау көрсеткен өнер мектебінің мұғалімі Гүлзат Темірбекова Алғыс хатқа ие болды.

Думан ҚАБЫЛ,

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button