АймақСаран

Ағаш егу – сауапты іс

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды. Енді төртінші апта, 4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Бүгін, Саран қаласында 600-ден астам көшет көпқабатты үйлердің тұрғындарына тегін таратылды.
Саран тұрғындары ағаш егу жұмыстарына белсенді қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынуда. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат – қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button