Жаңалықтар

Ағалық қамқорлықпен

   Қазақстан Республикасы Парламентінің бұрынғы депутаты, бүгінгі күні елімізге белгілі бизнесмен Ерлан НЫҒМАТУЛИН болашақ ұрпаққа деген өзінің ерекше мейірімділігі және қамқорлығымен әрқашан ерекшеленеді.

Халықаралық балаларды қорғау күні Ерлан Зайроллаұлы Балқаш қаласының балалар үйіне арнайы келіп, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады. Және оларға жазғы киімдер жинағын, велосипедтерді сыйға тартты.

Е.Нығматулин – мейірімді, үлкен жүректі жан, ол балалар үйінің тәрбиеленушілерін ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Олармен тығыз байланыста болып, өмірде өз орындарын табуға көмектеседі. Соның бір ғана мысалы, Лаура Игенованың тағдырына байланысты. Ол Ерлан Зайроллаұлының көмегімен жоғары білім алды. Бүгінгі күні Қарағанды қаласында өз бизнесін ашып, еліміздің дамуына үлесін қосуда.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button