Бас тақырып

Қазақстанда бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу тәртібі өзгереді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 2027 жылдан бастап Қазақстанда бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу тәртібі өзгеретінін мәлімдеді. Жаңа талаптарға сәйкес, бала күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемді алу құқығы анасына тиесілі болады.

Сурет inbusiness.kz

Аталған өзгеріс 2026 жылғы 11 маусымда қабылданған заңда қарастырылған. Тиісті норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, өзгеріс ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, әйелдің босанғаннан кейінгі денсаулығын қалпына келтіруіне және баланың күтіміне қажетті жағдай жасауға бағытталған. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button