Бас тақырыпЖаңалықтар

Жеңіс Қасымбек үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды

Қазақстанның үстел теннисі федерациясының жаңа президенті болып Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек сайланды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Сурет ҰОК

Федерацияның кезектен тыс конференциясында өткен сайлау қорытындысы бойынша Жеңіс Қасымбек Данияр Әбілғазиннің орнына келді.

Жаңа басшы федерация жұмысын 2027 жылы Қазақстанда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық кезеңінде қолға алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, федерацияның алдағы басым бағыттары – елде үстел теннисін дамыту, спортшылардың кәсіби даярлығына қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайту.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button