Бас тақырыпЖаңалықтар

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға 700 мың теңгеге дейін қаржы беріледі

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 29 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауға қатысатын мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқанына жұмсалатын шығындарының республикалық бюджеттен өтелетін мөлшерін бекітті.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Бекітілген тәртіпке сәйкес, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға 500 мың теңгеге дейін, қалалық мәслихат кандидаттарына 650 мың теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының кандидаттары үшін өтемақы мөлшері 700 мың теңгеге дейін белгіленген.

Бөлінген қаражат кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын теледидар мен радиода таныстыруға, баспасөзде немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауға, сайлауалды іс-шараларын өткізуге, үгіт материалдарын әзірлеуге және көлік шығындарын өтеуге жұмсалады.

Осылайша, кандидаттардың сайлауалды науқанына байланысты бірқатар шығыны заңда белгіленген шек аясында республикалық бюджет есебінен өтеледі.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button