Бас тақырыпЖаңалықтар

«Сарыарқа» «Бейбарысты» ірі есеппен жеңді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында өткен кездесуде атыраулық «Бейбарысты» 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Суреттер клубтың ресми парақшасынан

Матчтың бірінші кезеңінде Руслан Демин мен Владислав Дюкарев қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Екінші кезеңде Владимир Волков есеп айырмасын ұлғайтты.

Ал үшінші кезеңде Руслан Демин тағы екі шайба соғып, Виталий Божко бір голдың авторы атанды. Осылайша, «Сарыарқа» 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін қарағандылық клуб 35 ұпаймен Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Бейбарыс» 10 ұпаймен сегізінші сатыда тұр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button