«Әділет» партиясы «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалін бастады
Халықаралық қарттар күніне орай 1-4 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтеді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған шара аясында 3,5 мыңнан астам адам қатысатын 20 іс-шара жоспарланған.

Фестиваль ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізуге бағытталған.

Бағдарламада ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық кездесулер мен цифрлық сауаттылық сабақтары бар.

Жас волонтерлер қарттарға цифрлық сервистерді қолдануды үйретіп, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіреді.

Аға буын өкілдерін қолдау – «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі.

Партия зейнеткерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына және жастарға тәлімгер болуына жағдай жасауды көздейді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



