Бұқар жырауАймақБас тақырып

Үміткер ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында өртке қарсы бекет ашылды. Жаңа нысан 1200-ден астам тұрғыны бар үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдар үшін маңызды.

Сурет ТЖД

Жаңа өрт сөндіру пункті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Мұнда жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына қажетті жағдай жасалған. Нысан өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жабдықтар және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Бұл мамандардың шақырту орнына жедел жетіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тиімді ден қоюына мүмкіндік береді.

Бекеттің іске қосылуы шалғай елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейтіп, тұрғындарға көмек көрсету уақытын қысқартуға бағытталған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button