Бас тақырыпЖаңалықтар

Балқаш көліне биыл 1 миллионнан астам сазан шабағы жіберіледі

Балқаш көлінің балық қорын толықтыру мақсатында биыл су айдынына 1 миллионнан астам сазан шабағын жіберу жоспарланып отыр.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Мемлекеттік тапсырыс аясында «Қарағанды балық тәлімбағы» ЖШС Балқаш қаласына сазанның 180 мың шабағын жеткізді. Арнайы көлікпен әкелінген балықтар белгіленген талаптарға сай су айдынына жіберілді. Балықтандыру жұмыстары кезінде су мен ауа температурасының қолайлы болуы ескерілді.

Балқаш балық инспекциясы бөлімінің басшысы Денис Әбибековтің айтуынша, бұл жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта «Қарағанды балық тәлімбағы» ЖШС мен Тараз қаласындағы «Акрам» шаруа қожалығынан жас балық тиелген тағы бес көлік келеді.

Осылайша, жыл соңына дейін Балқаш көліне жалпы саны 1 миллионнан асатын сазан шабағын жіберу көзделіп отыр. Бұл су айдынындағы балық қорын молайтуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.

Балықтандыру процесіне атқарушы билік өкілдерімен қатар ғалымдар, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button