Жаңалықтар
Алматыда KIOGE 2026 халықаралық көрмесі өтеді
30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда мұнай-газ саласына арналған KIOGE 2026 халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді,деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Биыл 30 жылдығын атап өтетін шараға әлемнің 30 елінен 500 компания қатысады. Көрмеде мұнай-газ және энергетика саласындағы заманауи технологиялар мен жаңа жобалар таныстырылады.
30 қыркүйек пен 1 қазанда өтетін конференцияда Қазақстанның жаһандық энергетикалық нарықтағы рөлі, ірі мұнай-газ жобалары, цифрландыру, жасанды интеллект, экспорттық логистика, газ химиясы және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
KIOGE 2026 аясында халықаралық компаниялар арасында тәжірибе алмасып, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беріледі.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



