Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста топ жарып, құрлықтық додадағы бесінші алтын медалін жеңіп алды.

Луценко Азия ойындарындағы алғашқы чемпиондық атағына 2014 жылы Инчхонда қол жеткізді. Содан бері ол шосселік велоспорттағы жарыстарда жүлдесіз қалған емес.
Инчхон-2014 — жекелей жарыс
Джакарта-2018 — топтық жарыс
Джакарта-2018 — жекелей жарыс
Ханчжоу-2022 — топтық жарыс, күміс медаль
Ханчжоу-2022 — жекелей жарыс
Аичи-Нагоя-2026 — жекелей жарыс
23 қыркүйекте Алексей Луценко топтық жарыста бақ сынайды.
Материалды әзірлеген
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



