АймақЖаңалықтар

«Нұрқазған» ұжымы дауыс беруге белсенді қатысты

“Қазақмыс” корпорациясы ЖШС-нің “Нұрқазған” тау-кен өндірісінің жұмысшылары жаппай  №307 сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Сурет видеодан алынды

Кәсіпорын қызметкерлері сайлау үдерісіне белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз дауыстарының маңызын көрсетті.

Өндіріс орнының жұмысшылары үшін сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Олар белгіленген тәртіппен дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

№307 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, азаматтарға өз таңдауын жасауға барлық жағдай жасалды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button