АймақБас тақырыпШахтинск

Шахтинскіде 100 шақырымнан астам су құбыры жаңартылды

Шахтинск қаласы мен оған іргелес кенттерді сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың үшінші кезеңі жалғасып жатыр.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Биыл жалпы ұзындығы 49,4 шақырымды құрайтын үшінші кезеңдегі су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында Шахтинскіде 100 шақырымнан астам су құбыры желісі жаңартылып, қайта тартылған болады.

Жобаны іске асыру инженерлік инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Егер 2022 жылы су құбыры желілерінің тозу деңгейі 78 пайызды құраса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 28 пайызға дейін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл апатты жағдайлардың санын азайтып, сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, іргелес кенттердегі инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Новодолинский кентінде жоспарланған 50,3 шақырым су құбырының бүгінде 8 шақырымы тартылды. Жобаны толық аяқтау 2027–2028 жылдарға жоспарланған.

Ал Долинка кентінде қарастырылған 5,3 шақырым су құбыры желісінің 5,2 шақырымы салынды. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button