ЖаңалықтарРесми

Аймақта 300-ге жуық адамның қатысуымен ауқымды флешмоб өтті

Қарағандыда Ұлттық домбыра күніне орай 300-ге жуық адамның қатысуымен ауқымды флешмоб өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Еңсеповпен бірге қатысушылар қазақтың аспаптық музыкасының ең жарқын туындыларының бірі – «Балбырауын» күйін орындады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Қарағанды қаласы әкімдігі флешмобқа қатысқан барлық қатысушыларға, шығармашылық ұжымдарға, музыканттарға және қала тұрғындарына мерекені қолдап, ұлттық өнерді сақтау мен насихаттауға қосқан үлестері, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасына деген құрметтері үшін шынайы алғысын білдірді.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button