Ресми

Мемлекет басшысы: «Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді»

Мемлекет басшысы Парламенттің бірлескен отырысында сөз сөйлеп, кезекті сессияның аяқталуы Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірдің қорытындысы екенін атап өтіп, жаңа Конституцияның күшіне енуімен ел мемлекеттігінің жаңа кезеңі басталатынын мәлімдеді.

Сурет Ақорда

«Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат.

Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз.
Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді».

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button