ЖаңалықтарБас тақырып

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) жүйесінде кадрлық өзгерістер болды. Президент Әкімшілігімен келісім бойынша еліміздің сегіз өңіріне жаңа басшылар тағайындалды. Бұл өзгерістер ҚМА-ның аумақтық департаменттерін қамтыды. Жаңа тағайындаулардың қатарында Қарағанды облысы да бар.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

ҚМА ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына полковник Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев тағайындалды.

Жаңа басшы – Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясының түлегі. Ол құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қызметтік жолын анықтаушы және тергеуші лауазымдарынан бастап, басшылық қызметтерге дейінгі кәсіби жолдан өткен.

Бұған дейін Дархан Құрақбаев Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жетекшілік етті. 2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты одан әрі күшейту, сондай-ақ өңірдегі қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастыру.

Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button