Димаш Құдайберген жайлы көптен күткен фильмнің ресми трейлері шықты
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзі туралы түсірілген “Before The Applause: The Dream of Dimash Qudaibergen” («Қошеметке дейін: Димаш Құдайбергеннің арманы») деректі фильмінің ресми трейлерін жариялады деп хабарлайды Оrtalyq.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі трейлерді YouTube арнасы мен Instagram парақшасында бөлісті. Бейнежазбада әлемдік сахнаға дейінгі ұзақ жол, дайындық барысы, сахна сыртындағы сәттер мен шығармашылық өмірдің көпшілік біле бермейтін қырлары қамтылған.
Трейлерде 2025 жылғы 5 қазанда Димаштың Нью-Йорктегі аңызға айналған Madison Square Garden аренасында жеке концерт берген Қазақстан мен ТМД тарихындағы алғашқы әртіс болғаны айтылады. Тарихи кеш Stranger Tour аясында өткен. Деректі фильм көрерменге арманға бастар жолды, отбасы мен команданың қолдауын, музыканттар мен жанкүйерлердің ерекше энергиясын көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер фильмнің шығуын асыға күтетіндерін жазуда. Олар әсіресе Madison Square Garden сахнасының ар жағындағы бұрын-соңды жарияланбаған кадрларды көруге асық.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



