Жаңалықтар

Анасы 7 жастағы қызын Сирияға алып кеткен

Анасы 7 жасар қызын Сириядағы соғыс аумағына жасырын алып кеткен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қыздың анасы ажырасып кеткеннен кейін Жезқазғанда тұрған екен. Мұнан кейін ол теріс діни ағымның жетегінде кеткен ер адамға тұрмысқа шыққан. Ал күйеуі қайтыс болған соң әйел 7 жасар қызын Сириядағы соғыс аумағына алып кетіпті.

Ал қыздың туысы Ләйлә Ғабдулина оның жағдайына алаңдап, “Жди меня. Қазақстан” бағдарламасынан көмек сұрады.

«Барлық жерден оның кетіп қалғаны туралы жауап келді. Маған ештеңе айтпады, кетіп қалған дейді. Ол жақта оларға бірдеңе болып қалса ше? Ол жақта өздерінің заңдары бар ғой. Кішкентай баланың қандай күйде жүргенін елестетіңіздерші», – дейді қыздың әпкесі Ләйлә Ғабдулина.

Сонымен қатар Ғабдулина бұрынғы келінінің екінші некеден туған баласын да өз отбасына қабылдауға дайын екенін айтты.

Басқа материалдар

Back to top button