Референдум

800-ден астам адам таңдау жасады

Бұқар жырау, Назарбаев даңғылдары мен Ерубаев, Лобода көшелерінің тұрғындарының біраз бөлігі Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайындағы №17 референдум учаскесінде дауыс берді. Мұнда тіркеуде тұрған 2082 тұрғын келуі тиіс. Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 800-ден астам тұрғын дауыс берді.

Дауыс берушілердің қатарында Қарағанды медицина университетінің оқытушысы Марат Қантеміров те бар.
Бұл – үлкен оқиға. Өзгеріс керек-ақ. Ең бастысы – тіл мәселесі. Қазір қазақ тілін білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Осының алдын алу үшін Ата Заңға өзгеріс енгізіп, талапты күшейту қажет. Егер бұл мәселені жолға қойып, күресетін болсақ, ел болашағы жарқын болары сөзсіз. Сондықтан, дұрыс таңдау жасау қажет, — деді Марат Райханұлы.
Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін алаңдаймын. Біз зейнет жасына келдік. Түрлі салада қызмет істедік. Өмірден алатынымызды алдық. Енді алда қандай жағдай күтіп тұрғаны белгісіз? Осы бір тұманды ойдан Мемлекет басшысының шешімі арылтты. Ата Заңға өзгеріс енгізіп, болашақты айқындамақ. Өзгерістің арқасында келешек жастардың болашағы ашық болады деп ойлаймын. Балаларымның болашағы үшін дауыс бердім, — деді зейреткер Тамара Щербенина.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Суреттерді түсірген Руслан ҚАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button