Елі Елбасымен бірге!
Әлемді шарпыған індеттің адам, тағдыр таңдамайтыны мәлім болды. Бұл індеттің тырнағына кез келгеннің ілігу қаупі тағы айғақталды. Бүгін Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының сырқаттанып қалғанын естіген ел біршама елең-алаң күй кешіп отыр. Барша қазақстандықтар, отандастары Елбасының айығып шығуын тілейді. Тілеулес һәм тілектес.
Расында, рухы мықты Елбасы мысық табандап жеткен бұл сырқатты жеңеріне бек сенеміз. Ел болып, Нұрсұлтан Әбішұлының құлан таза жазылып шығарына үміттің де зорлығы содан.
Кездейсоқ қиындықтар мұндай ірі тұлғаны оңайлықпен жеңе алмақ емес. Өйткені, өмірдің талай өткелінен өткен өр тұлға емес пе Елбасы?! Қазағы бұған сенімді. «Көп тілегі – көл» ізгі ниетті, кең жүректі жалпақ жұрты арда азаматының амандығын сұрайды Алладан.
Жастық шағы жалындап өткен, құрыштай құйып, болаттай шыңдаған Теміртау да ізгі ниетін білдіреді.
Елі Елбасымен бірге!
Ермек ТӨЛЕУБАЕВ,
Елбасының үзеңгілесі.
Теміртау қаласы.