ҚайырымдылықҚарағанды

Жақсылық жасап, сауап ал

«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген сөз бар қазақта. Осы бір аталы сөзді арқау еткен жастардың қатары күн өткен сайын артуда. Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» Жастар қауымдастығының жанындағы «Aqniet» Жастар Қайырымдылық Ұйымы «Мектепке жол акциясы» аясында 160 мың теңге жинап, 16 отбасына теңдей үлестіріп берді.

 

«Мектепке жол» акциясы – біраз жылдан бері қолға алынған бастама. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың оқушыларын жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесіп, қажетті құрал-жабдықтарын сайлайды. Биыл да университет жастары игі бастамадан қалыс қалмады. Нәтижесінде, 16 отбасындағы 60 мектеп оқушысына мектепке қажет құралдар мен киім-кешектер алынып, табысталды. Сондай-ақ, бұл қатарда жалғызбасты аналар да бар.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button