Аймақта бір тәулікте 93 адам КВИ жұқтырған
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 725 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 93, облыс “жасыл” аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 160 067 жағдай тіркелді.
2022 жылдың 25 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 431 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,7% немесе 680 875 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.
2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 279 914 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 58,9%-ы.
2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 25 тамыздағы мәліметтер бойынша 37 678 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 76,4%.
Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады. Вакцинацияны алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгіне аласыз.
Естеріңізде болсын, біз өз денсаулығымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті көрсете отырып, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейміз.