Балалар – облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ерекше назарында
Оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, биыл 498 білім беру нысаны, оның ішінде 33 мектеп-интернат санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауына алынған. Департамент мамандары жазғы кезеңде Қарағанды облысында сауықтыру маусымы кезінде балалармен гимнастика, шынығу сабақтары, медициналық көрсеткіштер бойынша физиотерапиялық процедуралар және фитопрофилактика жүргізген.
Осы кезеңде нысандарды жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Балалар мен жасөспірімдер арасында аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша оқу жылының басында Қарағанды облысының Білім басқармасымен және Денсаулық сақтау басқармасымен “Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы” бірлескен бұйрық дайындалды. Бұйрыққа сәйкес жаңа оқу жылы қарсаңында инфекцияны әкелу және педикулез, қышыма және т. б. сияқты жұқпалы-тері ауруларының алдын алу мақсатында барлық ұйымдастырылған балалар ұжымдарында білім беру объектілерінде келесідей іс-шаралар кешені қамтамасыз етіледі:
– әр мектепте жазғы демалыстан кейін жұқпалы-тері ауруларына және педикулезге медициналық тексерулер;
– балалардың жеке гигиена ережелерін сақтауы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
– жұқпалы және жұқпалы тері ауруларының алдын алу бойынша ата-аналар мен балалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жазғы кезеңде Қарағанды облысында сауықтыру маусымы өтті, барлығы 13 қала сыртындағы балалар және 468 мектеп жанындағы сауықтыру лагерлері жұмыс істеді. Жазғы кезеңде 72 126 бала, оның ішінде қала сыртындағы 10 340 бала және мектеп жанындағы 61 786 бала сауықтырудан өтті. Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Жұқпалы ауруларға, оның ішінде жедел ішек инфекцияларына, тамақтан улануға жол бермеу мақсатында мамандар лагерь жағдайында балаларды медициналық алып жүруге және сауықтыруға қойылатын санитариялық қағидалар талаптарын сақтау, тамақтануды ұйымдастыру, жеке гигиенаны сақтау, практикалық жұмыстар жүргізу, балалар мен қызметкерлерді тексеру және басқа да іс-шаралар өткізді.
Департамент жыл сайын мемлекеттік құрылымдармен, балалар ұйымдарының басшыларымен және кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды. Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының үш жақты бұйрығына сәйкес оқушылардың созылмалы ауруларын емдеу және сауықтыру үшін демалыс объектілеріне медициналық мекемелерді бекіту туралы шешім қабылданды.
Осы іс-шаралардың барлығы бала ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына, ең алдымен, инфекциялық ауруларға төзімділігін арттыруға ықпал етеді.