Пікірлер

Абай біздің темірқазығымыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай рухани реформатор» атты мақаласы ұстаздар қауымын бей-жай қалдырған жоқ.

Мемлекетіміздің күнтізбесінде 10 тамыз “Абай күні” болып бекітілгені баршамызға қуаныш сыйлады.

Өйткені, Абай қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға, ақын, философ, ағартушы. Оның шығармалары қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Ел Президентінің Абай атамызға ерекше назар аударғанында үлкен мән бар. Себебі, Абай десе қазақ, қазақ десе Абай еске түсетін үлкен ұғым қалыптасқан.

“Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет” деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Абайға қолдау білдіру ақынның – мыңжылдықтарды құшағына сыйғызған, заманалар сырын толғаған, адам болмысының құпиясы мен тұңғиық тереңімен қауыштыру деп білеміз. Рухани жетілудің жолдарын көсемдікпен көрсеткен Ұлы Даланың өрен тұлғасы әр қазақ баласына алтын қазық екендігі сөзсіз. Хакімнің қағидасы, ұстанымы – мемлекет өркендеуі мен қоғамды ізгілендірудің, елді сәулелендірудің кепілі. Абайдың дәстүрі, мектебі – Ұлы Дала руханиятының жаңарып-жаңғыруына, жас ұрпақтың ой-санасының жетілуіне жол ашады.

Саягүл ТҰРАРҚЫЗЫ,

Балқаш қаласының №16 мектептің директоры.

Басқа материалдар

Back to top button