Референдум
675 адам таңдау жасады
Еліміздің референдум өткізу қағидатына сай Ақтоғай ауданы бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру уақытында басталды. Жалпы, аудан бойынша 39 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. 10818 сайлаушы тіркелген.
Суретті түсірген авторСағат 7.00-де референдум учаскелері ресми ашылып, №450 учаскеде қарт сайлаушы К.Исағұлов сөз сөйлеп, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, жарқын болашағы үшін өзінің алғашқы азаматтық парызын өтеген жас жігіт Қ.Серікқалы дауыс берді.
Сағат 08.00-дегі мәліметке сәйкес, Ақтоғай ауданы бойынша 675 адам таңдау жасады.
Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.
АҚТОҒАЙ ауданы.