Әдебиет

Қарағандыда Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдығына арналған халықаралық поэзия фестивалі өтуде

Қарағанды қаласында белгілі ақын, жерлесіміз Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық поэзия фестивалі өтуде. Алаштың айтулы азаматтарының қатысуымен ұйымдастырылған шараның ашылу салтанаты Қасым Аманжолов ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым жасаумен басталды.   Ардакүрең ақынның мерейтойы аясындағы рух тойын ағасы, арқалы ақын Серік Ақсұңқарұлы өлеңмен ашты!

Келесі кезекті “Сарыжайлау” кинотеатрында Серік Сағынтайдың жүргізуімен “Мыңжылдықтар поэзиясы: Кеше.Бүгін.Ертең” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында аға буын өкілдері мен поэзиядағы кейінгі толқын, жастар еркін сұхбат құрып, пікір алысты. 

Дәл қазір К.Станиславский атындағы орыс драма театры. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театрының Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы бо­йынша қойылымы басталды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button