Қарағанды

Қарағандыдағы NIS-та ауыл оқушыларына арналған хакатон өтуде

Оқушылардың күзгі демалысы тиімді ұйымдастырылуда. Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінде IQanat Қоры бастамасымен ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған төрт күндік хакатон өтуде.

Бұл форумға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарынан 100-ге жуық оқушы жиналды.

– IQanat Hackathon жобасы оқушылардың digital құзыреттілігін игеру үшін өте тиімді алаң болып табылады. Қазіргі цифрлық ғасырда бұл үлкен мүмкіндіктер ашады. Бағдарлама ауқымды: ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары WEB-бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу негіздерін түсінеді, Python бағдарламалау тілін үйренеді – бүгінгі таңда ол ең танымал. Воркшоптардан басқа, «Табысқа жету жолы» тренингтері өтуде. Финалда көрме барысында балалар өз жобаларын таныстырады, – деді Қарағанды қаласы NIS директорының орынбасары Глеб Давлетгариев.

Түрлі бағдарламалардың қыр-сырын үйрететін бұл жоба оқушының жеке тұлға болып өсуіне ықпал етеді, әрі ауыл оқушыларының қарым-қабілетін арттырады.

– Біз бәріміз IQanat олимпиадасының республикалық үшінші турының қатысушыларымыз. Бірінші және екінші кезеңдердің тапсырмалары өз мектептерімізде орындалды. Үшінші тур жазда Назарбаев Университетінде өтті. Менің ойымша, таңдау маңызды. Жалпы, IT-саласы мені аса қызықтырмайтын. Кейіннен өте пайдалы екеніне көзім жетті, – дейді Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі Ю.Гагарин атындағы мектептен келген Арина Лаврикова.

Топар кентінен келген Арман Атқалиев IQanat High School of Burabay оқу грантын жеңіп алды. Бұл – мектеп-интернатты, дарынды балалар ең үздік отандық және әлемдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалады.

– Мен келесі жылы сонда оқимын. Олимпиадада жеңіске жетіп, үздік жүз оқушы қатарына қосылдым. Біз ағылшын тілін тапсырдық, математикалық есептерді шештік, сонымен қатар жеке пән болды. Мен биологияны таңдадым. Болашақ мамандығымды әлі таңдаған жоқпын, – деп атап өтті Арман.

IQanat – қазақстандық кәсіпкерлердің білім беру жобасы. Ол ауыл оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін арттырып, кең мүмкіндіктер береді.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button