Қайырымдылық

Тегін нан, теңдессіз тарту

Балқаштағы «Қазына» дүкенінің иесі Гүлдана ТІЛЕУБЕКОВА жұма сайын тегін нан таратады. Ақысыз ас атасын үлестіріліп келе жатқанына 5 жылдай уақыт болған екен. Дегенмен, әр аптаның жұмасы күні бұл азық-түлік дүкеніне адамдар көптеп келеді. Ұзын-сонар кезекке тұрғандар тегін нан алуға асығатын көрінеді. Дүкен иесі бұл қайырымдылығын 2017 жылы бастаған. Содан бері ас атасы нанды тегін таратып, көптің ақ батасын алып келеді.

– Марқұм қайын атамыз Қайрат Тәжікейұлы қажы кісі еді. 2008 жылы қажылыққа барып, парызын орындап келді. Тіршілігінде «Жақсылық жасап жарыс» деген қанатты сөзді жиі айтушы еді. Бұл тәрбие біздің отбасына қашанда темірқазық болып келеді. 2017 жылы ораза кезінде үлкен ұлым Думан жұма сайын тегін нан таратайық деген ұсынысын айтты. Мен бірден құп алдым. Ол кезде «Тараз» дүкенін жалға алып, саудамен айналысып жүрген кезім. Ораза аяқталғаннан кейін бұл қайырымдылық шараны жалғастыруға бел байладым. «Қазына» дүкенін сатып алып орнымызды ауыстырдық. Сөйтсек, көп адам бұрынғы «Тараз» азық-түлік дүкенін іздеп барған екен. Ол адамдар қазір біздің дүкенге келіп тұрады. Әр жұма күні 90 бөлке нан тегін таратылады, – дейді дүкен қожайыны Гүлдана Тілеубекова. Кәсіпкердің айтуынша, жұманы таңдаған себебі, бұл күн – мұсылмандар үшін қасиетті күн. Бірақ, адамдарды дініне қарап бөлмейді.

Нұрдос КӘРІМ. 

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button