АймақЖаңалықтар
56 жастағы ер адам Нұра өзеніне батып кетті
Құтқарушылар Нұра өзеніне батып кеткен 56 жастағы ер адамның денесін тапты. Қайғылы оқиға кеше, 20 тамызда Бұқар жырау ауданына қарасты Тұзды ауылдық округінде болған. 56 жастағы ер адам Нұра өзенінің рұқсат етілмеген жеріне суға түскен.
Құтқарушылар облыс тұрғындарын суда аса сақ болуға, тыйым салынған жерлерде шомылмауға, суға түскенде мас күйде болмауға және балаларды үнемі бақылауға шақырады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.