Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                                           Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  18  қыркүйек

№ 157