Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға дейін көтеріледі

Келесі жылдан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы 10%-дан 70%-ға дейін көтеріледі.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, қатардағы қызметкерлердің жалақысы 70%-ға өссе, өрт сөндіру және құтқару қызметтері басшыларының жалақысы 10%-ға көтеріледі.

2023 жылдан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ең төменгі жалақысы шамамен 180 000 теңге көлемінде болмақ. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Ortalyq.kz