Брифинг

Сарыарқа сәні – саябақ

Биыл Қарағанды қаласына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданында 12 бағдарлама бойынша құрылыс пен көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, бағдарлама аясында Сарыарқа көшесі бойында үлкен саябақ бой түзейді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Сәтбек ӘБДІҚАЛЫҚОВ пен Қазыбек би ауданы жоспарлау және абаттандыру бөлімінің басшысы Мадияр ЖАҒАЛБАЙЛЫ өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Бағдарламаларды іске асыруға бюджеттен қаржы бөлінді. Әуелі «Абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша аудан аумағында 5 жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни, балалар ойын алаңы, спорт түрлеріне арналған корттар салынады. Бүгінгі таңда жұмыс жоспары дайын. Мердігер компания 1 мамырдан бастап жұмысын бастайды, – деді Сәтбек Мәулетбекұлы.

Сұрыптау кентіндегі М.Мәметова көшесіне, Пришахтинскідегі Методическая көшесіне, Майқұдықтағы «Восток-2» шағын ауданында балалар ойын алаңы бой көтереді. ТББ («ЖБИ») төңірегінде футбол алаңы салынып, Майқұдықтағы Лихачев көшесіне жарық шамдары орнатылады. Сонымен қатар, 12 аулаға асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Орындық пен арнайы қоқыс жәшіктері орнатылып, жарық шамдар қойылады.

Майқұдыққа – 6, Пришахтинскіге – 3, Сұрыптау кентіне 3 ойын алаңы орнатылады. Сондай-ақ, 5 футбол алаңын салуға қаражат бөлінді. Олардың негізгі бөлігі шет аймақтарға орнатылады. Яғни, «Сахалин» мен «Курьяновқа» кентіне, 23, 18, 12-інші шағын аудандардың аулаларына деп жоспарлап отырмыз. Және аталған мекенжайлардағы жарақат алу қаупі бар шағын сәулет нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шұңқырларды бекітеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда Қазыбек би ауданы бойынша тазалық жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Тазалық жұмыстарына 5 мердігер ұйым – 80-нен астам жұмысшы мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Аудан бойынша 13 аула аумағын кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 17 аула бойынша кішігірім балалар ойын алаңы мен, 5 футбол, 4 баскетбол алаңы салынады. Сондай-ақ, Сарыарқа көшесі бойында үлкен саябақ бой көтереді. Бірақ, оған әлі конкурс жүргізілуде. Байқау біткен соң жұмысқа бірден кірісеміз. Және Бұқар жырау даңғылы бойындағы жерасты өту жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Аудан бойынша көгалдандыру жұмыстары да жасалады. Қазір конкурс өтуде, – деді Мадияр Мұсаұлы.

Көгалдандыру барысында ауданда 4000-нан астам көпжылдық, 500 мыңнан астам біржылдық гүл отырғызылып, талдарды кесу жұмыстары қарастырылған.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button