Балалар жылыРуханият

Ақын рухы асқақтады

Облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Абай атындағы балалар кітапханасы бірлесіп, Балалар жылы аясында қарымды қаламгер, балалар ақыны, жерлесіміз Жеңіс ҚАШҚЫНОВТЫҢ 80 жылдығына орай 4-15 жас аралығындағы балалар арасында алғашқы «Жеңіс Қашқынов оқуларын» өткізді. Онда 100-ге жуық үміткер ақынның жырларын жатқа мәнерлеп оқудан сайысқа түсті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Ауқымды іс-шараға қатысуға аймақтың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық қатысушы өтінім жіберген. Бұл Жеңіс Қашқынов жырларының жаттауға жеңіл әрі жұмыр екенін және оларды балалардың сүйіп оқитынынан хабар берсе керек.

Сайысқа мектепаралық іріктеуден өткен Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран қалалары мен Бұқар жырау ауданы ауылдарынан қатысқан балалар 3 топқа бөлініп, өнер көрсетті.

4-7 жас аралығында III орынға Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушысы Қызыр Бекжан, Балқаш қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лецейінің 0-сынып оқушысы Зере Қасымхан, Теміртау қаласы Ғ.Мұстафин атындағы орта мектептің 1-сынып оқушысы Айсұлу Маратқызы, №6 орта мектептің 1-сынып оқушысы Жанэл Сағынтай, Абай атындағы №104 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Қанат Нұрсұлтан жайғасты. II орынды Абай атындағы №104 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Зардыхан Ерман мен №36 орта мектептің 1-сынып оқушысы Елеу Айсель иеленсе, I орын Абай атындағы №104 мектеп-гимназияның 1-сынып оқушысы Салсері Мейірман мен Балқаш қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейдің 2-сынып оқушысы Қайырберлі Нұрасылға бұйырды.

8-11 жас аралығындағы III орынды Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейдің 2-сынып оқушысы Нұрлан Жаннұрға, №18 мектептің 4-сынып оқушысы Шайхат Аңсарға, №91 мектепің 2-сынып оқушысы Жұмағали Диляраға, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Мағжан Болатбековке, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Тілеуғабыл Жәмилә жеңіп алды. II орынға Абай атындағы №104 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы Айткен Ханшайым, Теміртау қаласы «Озат» АТМ мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы Айым Тасболатқызы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы, Үштөбе тірек мектебінің 3-сынып оқушысы Тастыбай Айғаным жайғасса, I орын биігінен Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Арғынбай Нұржалғас, Балқаш қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лецейдің 2-сынып оқушысы Кәусар Ерланқызы көрінді.

Ал, 12-15 жас аралығында I орынды Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы, Үштөбе тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрсын Жансая иеленді. Сондай-ақ, ең кішкентай қатысушы №18 мектептің 0-сынып оқушысы 5 жастағы Қанибек Әбілмансұрға да жүлде табысталса, бұдан бөлек 13 бала ынталандыру сыйлығын алды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапанан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар һәм Диплом табысталды.

Іс-шараға облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұлов, Жеңіс Қашқыновтың туған қарындасы Сара Қашқынова және ақынның туған жиені Руслан Кенжебеков, Ж.Қашқыновтың туған інісі Мелс Қашқыновтың ұлы Ернат Мелсұлы демеушілік көрсетті.

Барлық қатысушыға ағылшын тілінің маманы Ернат Мелсұлы «Ағылшынша тіл сындыру» кітабын сыйға тартты.

Жас балалардың өлеңге деген қызығушылығы қуантты. Алла қаласа, алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Балалардың рухани сауатты болуына аянбай еңбек етіп жүрген Баян Қуанышқызы бастаған кітапхана ұжымына, игілікті істің басы-қасында жүрген ақынның туған қарындасы Сара апамызға, жиені Русланға және шайырдың бауыры Мэлстің ұлы Ернат бауырымызға алғыс айтамыз. Балаларды кітап оқуға қызықтыратын, олардың өлеңге деген ықыласын арттыратын игілікті шараларды қолдап отыру – бәріміздің міндетіміз. Бүгінгі балар – ертеңгі болшағымыз екенін ұмытпайық. Балалары білімді, өнерлі елдің келешегі де кемел болады, – деп атап өтті жоба идеясының авторы әрі демеушісі Айтбай Жұмағұлов.
Шара соңында кітапхана басшысы Баян Қуанышқызы қолдау көрсеткен азаматтарға шексіз алғысын жеткізді.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button