Ресми

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бақылауға алынады

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына келіп жатқан шетел азаматтарының саны артты. 

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бақылауға алынады

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда.

Ахуал ерекше бақылауда. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button