Бас тақырып

Құрметті де абыройлы кәсіп

Құрылысшының қолтаңбасы қалған ғимарат сол қоғамның өмірінен сыр шертеді. Құрылысшы мамандығында өнер мен білім, талант пен талғам тоғысады. Сондықтан, бұл – бүкіл әлемдегі жасампаз, құрметті де абыройлы кәсіп.

Кез келген елдің экономикалық күш­ қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құ­рылыстың дамуына байланысты. Әлбет­те, құрылысшының қолынан туған әсем ғимараттарға сүйсіне қарайтынымыз рас. Ал, оның артында қаншама күш-­қайрат жатқаны сол үйді салғандарға ғана аян.   
Тарихты таразыласақ, жер бетіне адам аяғының таңбасы түскелі құрылысты дамытып, ғұмыр кешуде. Өткен күннен сыр шертер, «Әлемнің жеті кереметі» сапын толтырған Хеопс пирамидасы, Бабылдың аспалы бағы, Артемида ғимараты, Галикар­нас табытханасы, Александрия шамшырағы құрылыстың шырқау шыңы десек болады.
Қазақ даласында да сәулет өнерінің ға­сырлардан келе жатқанын білдіретін Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан баб, Жошы хан кесенелері, Бекет ата мешіті сынды құрылысшы қолынан шыққан туындылар жетерлік.
Жылдар жылжып, ғасырларға аяқ бас­қан адамзат бүгінде баспана салудың түрлі жолын біледі. Оны жүзеге де асыруда.
Қарағанды облысында да құрылыс қарқынды. Уақыт өткен сайын баспана саны артуда. Ол – «Өз үйім – өлең төсегім» дейтіндер артады деген сөз. Былтыр тұр­ғын үй салудан рекорд орнатқан аймақта биыл да үй кезегін күткендерді қуантып, қоныс той жасауға септігін тигізбек. «Тұрғын үй құрылысы саласында оң динамика байқалады. Жыл соңына дейін 650 мың шаршы метр тұрғын үйді пайда­лануға беру жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%­-ға артық. Сон­дай­-ақ, мыңнан астам отбасы мемлекеттік жалға берілетін және кредиттік баспана алады. «Отбасы банкімен» бірлесіп, кен­шілер мен металлургтер, барлық қызмет саласындағы жас мамандар үшін жеңіл­детілген тұрғын үй несиелеудің өңірлік бағдарламалары қабылданды» деген бо­латын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орта­лық коммуникациялар қызметі алаңында. Бүгінде еліміз бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясын­ да баспаналы болғандардың саны артуда.

Қарағанды жастарға арналған жеке тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған еліміздегі үшінші өңір атанды. Облыс әкімдігі осы­лайша жас мамандарға қолдау көрсетуді жөн көрген.

Жаңа жобаны жүзеге асыруға бірінші кезеңде облыс әкімдігі 1 млрд. теңге, ал Отбасы банк 500 млн.теңге бөліп отыр.

Сонымен қатар, «Баспана­ хит», «7­20­ 25», «Жас отбасы», «Әйелдер ипотека­сы», «Бақытты отбасы», «Әсери баспана» бағдарламалары арқылы үй алғандар са­ны артты.
Жаздың аптап ыстығында, қара күз­дің ызғарлы суығында, қыстың аязы мен боранына қарамай жұмыс істейтін құрылысшылар қандай да болсын құр­метке лайық.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button