Қожалықтарға – қаржылай қолдау
азақ – әлімсақтан тағдырын төрт түлікке теліген ел. Ұлан-байтақ жерінің қойын-қонышы қазба байлыққа сіресіп тұрса да, ата кәсіптен қол үзбеген.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін аграрлық мемлекеттердің бірі саналады. Және қазақ үшін төрт түлік малдың жөні әманда бөлек. Демек, қазақ барда ауыл шаруашылығы ел экономикасының құрамдас бір бөлігі болып қала береді. Бұл – бұлжымас ақиқат.
Шет ауданы – облыс аумағындағы ең әлеуеті зор аграрлы аймақ. Бүгін сол Шет ауданының өткен жылғы ауыл шаруашылық саласы бойынша мемлекет тарапынан алып отырған қайтарымсыз қаржылай қолдаулары (субсидия) мен несиелері жайлы сөз етпекпіз.
Шет ауданының 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің жалпы құны 56 млрд. 139 млн. теңгені құрап, ол өткен 2020 жылмен салыстырғанда 124,6%-ға немесе 11 млрд. 088 млн. теңгеге артып, нақты индекс көлемі 104,5 %-ды құрады, өткен жылы 104,2 % болған.
Барлық шартты түрдегі мал бастары 163 мың басқа жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 5,6 %-ға өсті.
2021 жылы мүйізді ірі қара саны 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырмалы деңгейде 5,2 пайызға, жылқы 6,9%-ға және қой, ешкі саны 3,6%-ға өсті. Өндірілген ет көлемі – 22680,4 тонна, сүт – 96349 тонна, жұмыртқа – 9 млн. 198 мың. дана, 2020 жылмен салыстырғанда ет 4,3 %, сүт 5,4% және жұмыртқа 2,6 % көбейді.
2022 жылға мал шаруашылығы саласы бойынша өндірілетін өнімнің жалпы құнын 64 млрд. 798 млн. теңгеге яғни нақты индекс көлемін 103,7 пайызға жеткізу межеленуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін мүйізді ірі қара санын 6,1 пайызға, қой-ешкі саны 2,5%-ға, жылқы малын 9,5%-ға өсіру жоспарлануда. Өндірілетін ет көлемін – 24,1 мың тоннаға, сүт – 101,0 мың тонна, жұмыртқа 9,1 млн. данаға жеткізу жұмыстары тұр.
Субсидия мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаржы.
Мал шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыруға үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына бюджеттік субсидиялар беріліп, қолдау көрсетілуде, 2021 жылы 575 ш/қ-на 660,3 млн. теңге қаражат субсидия төленді.
Атап айтқанда, ірі қара мал бастарын түрлендіруге, яғни асылдандыруға 295 шаруа қожалығы – 214,6 млн. теңге, (10000 тг/1 басқа) қайтарымсыз қаржы алған.
Субсидия арқылы асыл тұқымды бұқа сатып алу үшін бір басқа мемлекет тарапынан 150000 теңге қаралған.
Асыл тұқымды мал бастарын өсіріп отырған 67 ш/қ-на – 74,1 млн. теңге – 15000 тг/1 басқа субсидия берілген.
Етті-сүтті бағыттағы шаруа қожалықтарына сатып әкелінген асыл тұқымды мал басына 150000 теңге бөлінген.
Сатып әкелінген асыл тұқымды ірі қара малына – 165 ш/қ-на, жалпы –182,3 млн. теңге. Бір бас малға 225000 теңгеге айналған. Б
ір шаруашылық шетелден сатып әкелінген асыл тұқымды малы үшін – 28,5 млн. теңге алған.
Асыл тұқымды жылқы сатып алған 3 ш/қ-на – 2,9 млн. теңге, бір бас айғыр 100000 теңгеден бағаланған.
Мал бордақылайтын алаңға тапсырған 7 ш/қ-на бұқашықтардың тірідей салмағына 1 келісі – 200 теңгеден бағаланып, 20,8 млн. теңге бөлінген. Тұқымсыз 17 ш/қ-ы ұсақ мал бастарын асылдандыруға – 25,3 млн. теңге, асыл тұқымды ұсақ мал бастарын асылдандыруға – 6 ш/қ-на 20,8 млн. теңге, сатып алынған асыл тұқымды ұсақ мал бастары – 21 ш/қ-на – 6,4 млн. теңге.
Сүт өнімін өндірген 10 ш/қ-на – 19,4 млн. теңге – 1л/20 теңге.
Шөлейт жерлерде орналасқан 28 ш/қ-тың жем-шөбі үшін – 43,8 млн. теңге қарастырылған.
Өсімдік саласы бойынша 2021 жылы минералдық тыңайтқыштарға «Шерубай Су» ЖШС-і 19 млн. теңгеге 269 тонна алынды. Тарқатып айтқанда (1120,1 га), 11 млн. теңге тұқымға, 35 млн. теңге инвестициялық шығындардың белгілі бір бөлігін жабу, 61,0 млн. теңге суға орайластырылған. Аудан бойынша мал мен өсімдік саласына төленген субсидияның жалпы көлемі – 786 млн. 300 мың теңгені құраған.
Сондай-ақ, бұрнағы жылдардағы несиелендіру бағытындағы көрсеткіштер де ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстық басқармадан Шет ауданына берілген жоспар бойынша 168 адамға 636 млн. 700 теңге. 2020 жылы Шет ауданы бойынша 135 адамға 595 млн. 150 мың теңге көлемінде несие алып, жоспардың 93,5 пайызын құрап отыр. 31 жоба бойынша 344 бас ірі қара, құны – 116,4 млн. теңге, 5 жоба бойынша 348 бас ұсақ мал, құны – 16,9 млн. теңге және 29 жоба аясында 263 бас жылқы, құны 107,8 млн. теңгеге сатып алынды.
2021 жылға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық басқармадан Шет ауданына берілген жоспар бойынша 77 адамға – 298 млн. 173 мың теңге. Ағымдағы жылы Шет ауданы бойынша 105 адамға 395 млн. 573 мың теңге көлемінде несие берілді, жоспардың 132,7 пайызын құрап отыр. Нақты айтқанда «Қаржылай қолдау қоры» арқылы 77 шаруа қожалығы – 279,5 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 28 шаруашылық 116,1 млн. теңге несие бөлген.
Аудан бойынша әртүрлі бағдарламалар аясында 2021 жылы мал бастарын сатып алуға «Қаржылай қолдау қоры» арқылы 110 шаруа қожалығы 806,5 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 81 шаруашылық – 1 млрд. 310 млн. теңге және «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 55 шаруашылық 267,7 млн.теңге несие алған. Жалпы 246 шаруа қожалығы 2 млрд. 384,1 млн. теңге несие алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 118,7 пайызға артқан екен.
Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.
ШЕТ ауданы.