Жаңа шынайылық жағдайында
2021 жыл бизнесті пандемияға дейінгі деңгейге қалпына келтіру жылы болды. Қалпына келтіру кезеңі – бұл бизнесті трансформациялау уақыты, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жұмыс жағдайларына көшу уақыты. Қалпына келтіру серпінін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған бизнесті қолдау шараларының жаңа пакетін қабылдады.
Бизнестің толыққанды жұмысын сақтаудың жаңа және жалғыз мүмкіндігіне айналған Аshyq пилоттық жобасы енгізілді. Бүгінгі таңда 13 мыңнан астам нысан оның қатысушылары атанды, олардың 101-і белгілі бір жеңілдіктерді көздейтін «көшбасшы» мәртебесін алды. Нәтижесінде, 2020 жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,7%-ға артып, 95,3 мың бірлікке жетті. Өндірілген өнім көлемі 13,7%-ға өсіп, 1,4 трлн. теңгені құрады (2021 жылғы қаңтар-қыркүйек). Бұл секторда жұмыспен қамтылғандар саны 241 мың адамды құрады, бұл облыстағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 37,6%-ын құрайды. Пандемия кезеңінде мемлекеттік қолдау шаралары бизнеске айтарлықтай көмек көрсетті, олар 2021 жылы да сақталған.
Есепті кезеңде «Бизнестің жол картасы-2025» (бұдан әрі – «БЖК-2025») бағдарламасын іске асыруға 9 млрд. теңге бөлінді, бұл 2020 жылдың көлемінен 3 есе көп. 1832 жоба қаржылық қолдау алды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Бұл өңдеу өнеркәсібін, көлікті, сауданы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді, қонақ үй бизнесін және т.б. дамытуға бағытталған жобалар. Нәтижесінде мемлекет салған 1 теңге субсидияға 9 теңге инвестиция келеді, 604 жұмыс орны құрылды. «БЖК-2025» бағдарламасы жобаларының жалпы санынан моноқалаларға 26,4% тиесілі, соның есебінен 35,4 млрд теңге инвестиция тартылды. «БЖК-2025» шеңберінде қолдау алған жобалар қатарынан отандық бизнестің дамуының бірнеше жарқын мысалын келтіргім келеді. «ТД QAZ DELIKATES» ЖШС Қарағанды қаласында ет деликатестерін өндіруді іске қосты: бесбармаққа арналған жиынтықтар, ысталған қазы, шұжық, жая және өз фермасынан алынған етті пайдалана отырып, басқа да алуан түрлі жартылай фабрикаттар. Бұл шығарылатын өнімнің жоғары сапасына кепілдік береді және HALAL сертификатымен расталған. «NAMAPACK» компаниясы Қарағанды қаласында тамақ өнімдеріне арналған пластик қаптамалар өндірісін іске қосты, атап айтқанда, бес қабатты полиамидті қаптама және пісірілген, ливерлік, қан шұжықтары, қапшықтағы ветчиналар мен паштеттер үшін флексопечать. «Жезқазған-Эйр» (ZHEZAIR) авиакомпаниясы әуежайды жабдықтау үшін техника сатып алды. «9 регион» компаниясы мен «Тұлпар» автопаркі көлік қызметтерін дамытуға қаржылай қолдау алды. Денсаулық сақтау және білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер өз бизнестерін белсенді дамытуда. Биылғы жылы GalaКлиника, «Мерей» медициналық фирмасы, AriDent, Сұлулық Академиясы және «Капуѕта» бөбекжайы қолдау алды. «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу тетігі шеңберінде Қарағанды облысы бойынша бағдарламаның 252 әлеуетті қатысушысы айқындалды. 2019 жылдан бастап 60,9 млрд. теңге несие сомасына АӨК өндірісіне және қайта өңдеуге, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған 193 жоба мақұлданды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 745 микрокредит берілді, оның 94,5% ауылдық жерлерде. Жобалар мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған. Бағдарламада облыстың барлық өңірлері қамтылған, микрокредиттердің ең көп саны Бұқар жырау (153), Қарқаралы (161), Шет (105) және Жаңаарқа (103) аудандарында қамтылған. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2021 жылы әрқайсысы 200 АЕК (583,4 мың теңге) 1227 грант берілді, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес жүргізу негіздеріне 1705 адам оқытылды, оның 1338-і қаржыландыру алды. Кәсіпкерлерді жеңілдетілген микрокредитпен қамтуды кеңейту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске қосылды, оның аясында өткен жылы «Бастау Бизнес» түлектеріне Atameken Qaragandy өңірлік микроқаржы ұйымы арқылы 903 млн. теңге сомасына 153 микрокредит берілді. Жастар кәсіпкерлігін қаржылай қолдау жалғасын тапты. 2021 жылы жас кәсіпкерлерге Қарағанды облысы әкімінің 100 гранты және қалалар мен аудандар әкімдерінің 167,3 млн. теңгеге 209 гранты берілді. Гранттардың ең көп сомасы Жезқазған (20 млн.теңге), Сәтбаев (20 млн. теңге) қалаларында және Ұлытау ауданында (20 млн. теңге). Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 30 қыркүйек Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы бірыңғай есеп беру күні болып тағайындалды. Қарағанды облысында Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатындағы диалог алаңын құру үшін ұйымдастырылды. 2021 жылы оның жұмысына 123 ШОБ субъектісі және 21 мемлекеттік органдардың өкілі қатысты. ЖӨӨ құрылымында 12,5% алатын сауда саласында оң динамика байқалады.
Жыл қорытындысы бойынша ішкі сауда көлемі 2,8 трлн. теңге өсімімен 2020 жылға қарай 11%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2,9%-ға (1171,3 млрд. теңге) және көтерме сауда көлемі 2020 жылға қарай 17,7%-ға (1652,5 млрд. теңге) өсті. Біз бөлшек және көтерме сауда көлемі бойынша республикада көшбасшы орындарды иеленуді жалғастырудамыз. Жаңа бизнес нысандарының құрылысы жалғасуда. 2021 жылы сауда және қызмет көрсету саласында 19,5 млрд.теңгеге 1528 тұрақты жұмыс орнын құрумен 385 жоба іске асырылды. Біздің өңірдің экономикасын дамытудың маңызды факторы туризм болып табылады. 2021 жылы туристік өсу нүктелеріне көлік және инженерлік инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмыс жалғастырылды. Балқаш қаласында су құбыры желілері мен су тарту желілерінің құрылысы аяқталуда. Шұбар-Түбек және Тораңғалық ауылдарының жерлерін қаланың әкімшілік бағынысына беру сәтті өтті. Келесі жылы курорттық аймақтың инженерлік коммуникацияларын салуға кірісеміз. Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталды. 2021 жылы туризм саласында жалпы сомасы 526,5 млн. теңгеге 11 жоба іске асырылды. 2020 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген келушілер саны 42,1%-ға, туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 73,4%-ға өсті, салаға инвестициялар шамамен 25 млрд. теңгеге жетті. Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді, ол нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру үшін шағын бизнесті дамытуға, экономика салаларын әртараптандыру драйвері – орта бизнесті нығайтуға, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасау үшін бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Оны іске асыру шеңберінде, халық арасында бизнес-құзыреттілікті арттыру үшін 2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік дағдыларға оқыту мүмкіндігі беріледі, сервистік қызметтер көрсету жалғастырылады.
Мемлекеттік қызметтердің бизнес үшін қолжетімділігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «Бизнеске арналған үкімет» порталымен біріктіру жолымен іске асырылатын болады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысы және бизнес алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу жалғасады. Биылғы жылы сауда, туризм және қызмет көрсету саласында 22,5 млрд. теңге инвестиция сомасына 1642 жұмыс орнын құрумен 264 жаңа нысан ашу жоспарланған. «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде 2022 жылы жалпы алғанда 7,1 млрд. теңгеге кемінде 2430 жұмыс орнын құра отырып, 1250-ден астам кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсету жоспарлануда. Бұл ретте қаржылық қолдау бизнестің санаты мен оның қажеттіліктерін ескере отырып ұсынылатын болады. Микробизнес субъектілері үшін микрокредиттер мен гранттар түрінде қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру сияқты қаржылық ынталандыру шаралары қолжетімді болады.
Ұлттық жоба аясында туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл тамыз айында Ұлытау өңірінде Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу бойынша халықаралық конференция өткізу жоспарлануда, оның аясында туристік компаниялар мен БАҚ үшін ақпараттық тур ұйымдастырылады. 2022 жылы жеке инвестициялар есебінен жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгеге 11 жаңа туризм жобасын іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, гидтер мен экскурсоводтардың қызметін 95%-ға дейін цифрлау, туристік маршруттарды мобильді байланыспен қамтуды 1,8 есеге ұлғайту, орналастыру орындарының 95%-ын E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қызметтің жаңа бағыттарының бірі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту болады. 2022 жылғы қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттік қолдау шараларын, жекелеген жеңілдіктер мен преференциялар беруге құқық беретін Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне тіркеу бойынша жұмыс басталды.
Ағымдағы жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша жұмыс жалғасады.
Татьяна Аблаева, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы басшысы.