Пікірлер

Елбасы амандығы — ел бақыты

Қанша берекеміз қашса да, бейқамдықтан арыла алмайтын осалдығымыз бар еді ғой. Осы бір “Covid 19” дүрбелеңі басталғалы әлдебір қаңқу сөз, алып-қашпа әңгіменің жетегінде кеткеніміз де жасырын емес. Өкінішке орай, аңғал елдің адалдығына қарайын деп тұрған індет жоқ.

Осынау сынаққа тап келген сындарлы сәтте халқымен бірге болып, әр қазақстандықтың тағдырына жан-тәнімен алаңдаған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының осы дертке шалдыққанын естігенде, шынын айту керек, абыржып қалдым. Өз тағдырыма өнеге ретінде ықпал еткен, Әкем деп ардақтауға әбден лайық тұлғаның амандығы алаңдатады мені. Өзі жетекшілік ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен “NurOtan” партиясын жұмылдырып, дәл осы күрделі кезеңде әр шаңыраққа үміт сыйлаған тарихи тұлғаның елін сүйген пейіліне Алла жәрдемші боларына сенімдімін.
Аса мәртебелі һәм ардақты Нұрсұлтан Әбішұлы!
Мен — Сіздің қайраткерлігіңізден елдік рух сіңіріп, Көшбасшылығыңыздан өнеге дарытқан, азаматтық қалпыңызға қарап бой түзеп, сұңғыла саясатыңыздан ой түйген ұлыңыздың бірімін. Әкеден жастай қалып, Әке қамқорлығына шөліркеп жүрген шағымда Сіздің қазақ еліне деген мейіріміңізден нәр алып, даналығыңызбен мейірлендім. Жалғыз мен емес, әр қазақстандық өз тағырына шүкірлік етсе, Сізге алғыс айтуы тиіс.
Арда Алаш жұрты үшін Сіздің саулығыңыз қымбат!Тез айығып, елдің мұрат жолындағы еңселі істеріңізді жалғастыруыңызды тілейміз. Аман болыңыз, барша қазақтың ардағы!
Елбасы саулығы — Ел байлығы!
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,
ҚХА Мүшесі,
“Нұр Отан ” партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button