Жаңалықтар

Ботақарада каскадты сарқырама қалыпқа келтірілді

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде жергілікті көрікті орындардың бірі – каскадты сарқырама қайта қалпына келтірілді. Он жылдан астам уақыт бұрын аудан орталығында жолдың жанындағы төбеде оны шебер өнертапқыш Владимир Вашкевич салған болатын. Демалыс орны бірден ауыл тұрғындары мен саяхатшылардың сүйікті жеріне айналды. Жолаушылар судың жанында тоқтап, суретке түсіп, осында тілектерін білдіреді.

Бұл каскад аңыздарға толып, адамдар оларға сене бастады. Мұнда энергия ерекше, ал су жырағындағы тас жай ғана тас емес, ғарыштан жерге құлаған метеорит деп есептеледі.

Уақыт өте келе аңыздар ұмытылып, ескі құбырларды тот басты. Каскад бірнеше жыл жұмыс істемей тұрды. Биыл оны қалпына келтіруге бюджеттен “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы бойынша қаражат бөлінді. Су объектісінің жүйесі толығымен жаңартылды.

– Жұмыстарға: бірінші тоттанған құбырды кесуден жаңа жүйені орнатуға дейін бір айға жуық уақыт кетті. Әрине, қиындықтар болды. Мысалы, ескі тозған коммуникациялардың бір бөлігін алып тастағаннан гөрі бетон астына көму оңайырақ болды. Инженерлер, гидротехниктер секілді мамандар тартылды. Әр күн қарқынды болды, жұмыс таңертеңнен кешке дейін қайнап жатты, – деді “STANDART 2.0” мердігерлік фирмасының басшысы Антон Бабич. – Каскад толықтай автоматтандырылған. Басқару жүйесін орнату және іске қосу көп уақытты қажет етті. Автоматика су беру жүйесін реттейді. Жел сенсорлары бар: жылдамдықты арттырған кезде каскадтың жоғарғы деңгейі төменгі деңгейге ауысады.

Қосымша жарықты астыңғы жағына орнаттық. Қараңғыда каскад түрлі-түсті болады.

Аумағы абаттандырылған. Орындықтар, шамдар және шағын мүсіндер бар.

Бұрынғы танымалдылық оралды. Фотосессия өткізу үшін жолаушылар қайтадан тоқтай бастады.

Ботақарда субұрқақтар да жөнделді – ауылда олардын саны төртеу. Олардың барлығы автоматтандырылған және жарықтандырылған.

– Бұл кенттегі абаттандыру бойынша жасалып жатқан жалғыз нысан емес.

Биыл үш балалар алаңын орнатамыз.

Олардың бірінде балалар футбол ойнай алады. Бұдан басқа, аула командаларының матчтары өтіп жатқан футбол алаңын салдық. Біз эстетикалық дизайнға назар аударамыз.

Жарықтандыруға тоқталар болсақ, ауылдың барлық жерінде ескі шамдар жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырылды, сонымен қатар ауыл шетінде де шамдар орнатылды.

Бізде барлық кенттің 90%-ы жарықтандырылған, жолдардың 95%-ы асфальтталған, – дейді Ботақара әкімі Нұрдәулет Рамазанов. – Сонымен қатар, біз жазғы суару үшін су мәселесін шештік. Ол үшін қосымша бес ұңғыма бұрғыланды, қуатты сорғылар орнатылды.

Кезекте тұрғандар үшін жаңа тұрғын үй салынуда. Аудан орталығында жаңа “Жастар” шағын ауданы бой көтеріп келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button