Жаңалықтар

40-қа жуық бала Астанаға саяхат жасады

Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 10 шілдеде өңірдегі балалар үйінің, арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері мен көп балалы отбасынан шыққан 40-қа жуық бала Астана қаласына экскурсия жасап қайтты. Үш күн бойы олар елорда төрінде болып, қала қызықтарын тамашалады.

Астанаға саяхат жасады

Аталмыш экскурсияның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел тарихы, мәдениетімен таныстыру. Балалар қаланың көрікті жерлерін аралап, түрлі ойы-сауық бағдарламаларына қатысып, уақыттарын көңілді өткізді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button