Жаңалықтар

4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары 15 мамырға дейін жарияланады

4 пайыздық автонесие туралы жаңа талаптар 15 мамырға дейін жарияланады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кеше министр айлығы жоғары адамдарға жеңілдетілген автонесие берілмеуі мүмкін екенін айтқан еді.

– Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыса алмайтындай етіп жалақы бойынша ең жоғары шекті белгілейтін боламыз. Бұл бағдарламаны одан әрі жетілдірумен байланысты. Жаңа талаптар 15 мамырға дейін жұртшылыққа жарияланады, – деп жауап берді министр Мәжіліс кулуарында тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, министр бағдарламаға қатысу үшін міндетті бастапқы жарна туралы айтып берді.

– Қазір бізде Ұлттық банктің базалық ставкасы – 16%, сондықтан автонесиелеудің 4% жақсы пайыздық мөлшерлеме деп санаймын. Сондықтан, бұл бағдарлама өте табысты жүріп жатыр, – деп толықтырды ИИДМ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button